АҚШ-та 5-11 жас аралығындағы балаларға вакцина салуға рұқсат етілді

АҚШ-та «Пфайзер» препаратын 5-тен 11 жасқа дейінгі балаларға салуға рұқсат берілді. Тәуелсіз кеңесшілер аталған вакцина қауіпсіз әрі тиімді деп бағалады. Енді екпені осы аптада медицина мекемелеріне әкеле бастайды. «Пфайзерді» 28 миллион балаға салу жоспарланып отыр.

Баланың иммунды қорғанысын қамтасыз ету үшін ковидке қарсы вакцинаның 10 микрограммы жеткілікті. АҚШ-та бір аптада коронавирус жұқтырғандардың 10 проценті - осы балалар. Оларды вакциналауды тезірек бастаудың сыры осында.

Джанет Вудкок, FDA басшысының міндетін атқарушы:

- Жас балаларды вакциналау - қалыпты өмір сүре бастаудың басты кепілі. Ата-аналар мен қамқоршылар уайымдамасын, себебі біз вакцинаны жан-жақты, толық тексерістен өткіздік. Ол біздің жоғары стандарттарымызға сәйкес келеді. Балаларым болса оларға вакцина салдырар едім.

«Пфайзер» бұрыннан жасөспірімдер мен ересектерге салынып келеді. Ол қазір АҚШ-та ең жоғары сұранысқа ие вакцина. Бүгінге дейін 240 миллионнан астам доза салынған. Балаларға салу үшін "Модерна" екпесіне де рұхсат берілуі мүмкін. Оны зерттеу ісі де оң нәтиже көрсеткен.

Питер Маркс, FDA препараттарды бағалау орталығының директоры:

- Балаларды вакцинау - жақсы идея деп ойлаймын. Себебі мына індеттің қайда апарарын мүлде білмейміз. Қыста коронавирусқа қатысты жағдай ушығады деуге әбден негіз бар. Балаларымызды қорғауымыз керек.

Қытайда да осы аптада жасы 3-тен асқан балаларға екпе салына бастады.Салдырғандар саны 3 миллионан асады. Жергілікті 3 вакцина қолданылып жатыр.

Сондай-ақ бүгін Колумбия да балаларға вакцина сала бастады. Бұл туралы ел президенті Иван Дуке туиттердегі парақшасында хабарлаған. Жасы 3-тен асқан балалар «Синовак» екпесін қабылдап жатыр.

Ернат Қашқынов

Сондай-ақ...