Филиппинде пластиктен үй тұрғызуға болады

Пластиктен үй тұрғызуға болады. Филиппин астанасы Манилада қалдықтар арнайы кәсіпорында қайта өңделеді.

Мамандар «біз осылайша мұхитты ластанудан қорғаймыз» дейді. Өйткені көшеге тасталған пластиктің шамамен 80 проценті Азиядағы өзендер арқылы мұхитқа жайылады. Оның 30 проценті Филиппинге тиесілі екен. Қоқысқа қатысты жағдай пандемия кезінде тіптен ушыға түскен. Пластикке енді бетперде мен резеңке қолғаптар қосылған. Ал Филиппиндік компания соңғы 2 жылдың ішінде 100 тонна пластикті қайта өңдеп шығарған.

Эллисон Тан, компания қызметкері:

– Адамдар пластик пен полиэтиленді қалай өңдеу және қайда апару керектігін білмейді. Сондықтан біз қалдықтарды қабылдап аламыз. Әйтпесе бұлар мұхиттарды ластайды.