Грузиялық ғалым коронавирусты жоятын антисептик жасап шығарды

«Грузияда жасалған», «әлемде алғаш рет». Коронавирустан қорғайтын жаңа препарат туралы осы сөздерді қолдануға болады. Ғалым Теймураз Курцхалия ковидті жоятын сұйықтық аяқ астынан жасалғанын айтады. 

Теймураз Курцхалия, молекулярлы-жасушалы биология және генетика институтының профессоры:

– Біз бірнеше жылдан бері биохимия мен генетикада өте жақсы зерттелген домалақ құрттар – нематодаларды зерттеп келеміз. Олардың құрамында өте күшті тотықтандырғыш заттың барын анықтадық. Бұл – кішкентай карбоксиль қышқылы мен амин қышқылы глицині.

Препараттың адам денсаулығы үшін кері әсері жоқ. Зерттеудің біраз бөлігі Германияда жасалған. «Глипера» атауы берілген сұйықтық Үнідстандағы ірі зертханалардың біріндегі сынақтан сәтті өткізілді.

Вахтанг Павленишвили, фармкомпанияның бас менеджері:

– Іс-тәжірибелер нәтижесі өте оңды болды. «Глипера» препараты 100 процент тиімділігін көрсетті. Ол 10 минут ішінде бүкіл вирусты өлтірді және жасушаға еш зиян келтірмеді. Қазір бірнеше компаниямен келіссөз жасап жатырмыз. Үндістанда да өндіруіміз мүмкін.

«Глипер» қазірдің өзінде Грузияның дәріханаларда үлкен сұранысқа ие. Мамандар бұл препарат вирусты пайда бола бастаған ерте кезеңінде жойып, жұқтыру деңгейін азайтады деп сенеді.

Авторлары: Ернат Мелсұлы, Юлия Тужилкина