Сирек құбылыс: африкалық арыстан егіз туды

Африкалық арыстан егіз туып, 2 бірдей аппақ алан дүниеге келді.

Бұл Испанияның оңтүстігінде болған жағдай. Ғалымдар мұны сирек құбылыс дейді. Қазір кішкентайлар бөлек күтімге алынған.

Жалпы ақ арыстандар 1930 жылдардан бері арнайы қоршалған орында өмір сүреді. Мұндағы мақсат – тұқымын сақтап қалу. Бірақ аңның бұл түрін қорғайтын заң жоқ. Ал ақ арыстандардың далада тек 13 түрі ғана кездеседі.

Элизабет Родригес, жұмысшы:

– Олардың енесі – африкалық арыстандар, сондықтан олардан ақ аландар туады деп ешкім де ешқашан ойлаған емес. Олар біз үшін гауһар тасқа тең. Бізге сәттілік әкеледі деп сенеміз.