430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Йеменде әуежайдағы жарылыстан 6 адам қаза тапты

  • 173
  • UPD: 13:11, 31.10.2021

Йеменнің оңтүстігіндегі Аден әуежайы маңында болған жарыластан 6 адам мерт болды.

Тағы 12-сі жараланған. Кеше кешкісін әуежайға кірер жолда мина жасырылған көлік атылып кеткен еді.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жараланғандардың бесеуі ауыр халде жатыр.

Жалпы бұл елде 7 жылдан бері үкімет күштері мен хуситтер арпалысып келеді. Сол себепті мұнда ашық күнде аяқасты аспаннан снаряд жауып болмаса әлдеқандай жарылыс болуы әбден мүмкін. 

Хабар 24 телеарнасы