АҚШ: Хэллоуин кешіндегі атыстан екі адам мерт болды

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Хэллоуин кешінде атыс салдарынан екі адам қайтыс болды, тағы бес адам жарақат алды. Бұл туралы RT Fox News телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сакраменто округінің Шериф кеңсесінің мәліметінше, ауруханаға оқ жарақатымен бес адам түскен. Олардың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланады. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын зерттеп жатыр.