Йеменде жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Йеменнің оңтүстігіндегі Аден халықаралық әуежайы маңында болған жарылыстан 12 адам мерт болды. Бұл туралы «Әл-Арабия» телеарнасы хабарлады.

Тағы оннан астам тұрғын жарақат алған. Кеше кешкісін әуежайға кірер жолда мина жасырылған көлік атылып кеткен еді. 

Жалпы бұл елде 7 жылдан бері үкімет күштері мен хуситтер арпалысып келеді. Сол себепті мұнда ашық күнде аяқасты аспаннан снаряд жауып, болмаса әлдеқандай жарылыс болуы әбден мүмкін.