Үндістан 2022 жылы жаңа вакцинаның 5 млрд-тан астам дозасын шығаруға ниет білдірді

Үндістан келесі жылы өз азаматтары мен әлем елдері үшін жаңа коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 5 миллиардтан астам дозасын шығаруды жоспарлап отыр. Премьер-министр Нарендра Моди G20 саммиті барысында осындай ниет білдірді, деп хабарлайды RT.

«Үндістан келесі жылы бүкіл әлем үшін 5 миллиардтан астам доза вакцина шығаруға дайындалып жатыр», делінген Үндістан премьер-министрінің мәлімдемесінде.

Ол сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДСҰ) Үнді вакциналарын мүмкіндігінше тезірек мақұлдауға шақырды.

Сондай-ақ...