АҚШ-та 1400-ден астам әуе рейсі кейінге шегерілді

«Әмери-кән Эйрлайнз» компаниясы 1400-ден астам рейсін кейінге шегерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рейстің кейінге шегерілуіне 2 түрлі себеп бар. Біріншісі – күшті жел тұрған қолайсыз ауа райы, екіншісі – қызметкерлердің жетіспеуі. Пандемия кезінде біраз экипаж мүшесі жұмыстан шығып кеткен. Сондай-ақ бірқатар қызметкер ұзақ мерзімге еңбек демалысына кеткен. Жалпы қазір 1800-ге жуық орын бос тұр. Осыған байланысты әуе компаниясы жаңа жұмыс орындарына байқау жариялаған.

Басшылық желтоқсан айының аяғына дейін 600 адамды жұмысқа алуымыз керек деп отыр. 

Сондай-ақ...