Колумбия полициясы 2 тонна 279 келі кокаин тәркіледі

Есірткі елдің солтүстігіндегі туристік қалада табылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, кокаин Нидерландтың Роттердам қаласына аттанатын контейнерге жасырылыпты. Жүкке жауапты адамдардың сауда құжаттары күдік тудырып, сканерлік тексеріс жүргізілген. Сарапшылар қылмыстық топ 100 миллион доллардың тауарынан айырылды дейді. Колумбия үкіметі биыл жалпы 302 тонна кокаин тәркілеген.