Сауд Арабиясында мұнай өндірісі артты

Сауд Арабиясында Aramco мемлекеттік мұнай компаниясы үшінші тоқсанда өндіріс көлемін 2 есе арттырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шілде мен қазан айлары арасында «қара алтын» сатылымынан 30 миллиард 400 миллион доллар кіріс түскен. Осыған байланысты сарапшылар әлемдегі шикі мұнайдың бағасы өседі деп болжап отыр. Фьючерстер құны соңғы 3 айда 4 жарым процентке қымбаттады. Бұған ОПЕК плюстің жоспарлы өндіріс көлемін, сақтау керек деген шешімі ­­– басты себеп. Қазір «Брент» мұнай фьючерстерінің бір баррелі 84,4 долларға, ал АҚШ-тың шикі «қара алтыны» 83,5 долларға саудаланады.