Өзбекстан газ экспортын тоқтатады

Өзбекстанда сайлау аяқталып, саяси додада қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Либералды-демократия партия атынан ұсынылған кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында газ экспортын тоқтататындығын айтқан болатын. Бұл жоспар алдағы 3 жыл ішінде жүзеге асырылмақ. Ал өзбек газын импорттап отырған елдердің қатарында Қазақстан да бар. Еліміздің оңтүстік аймағын газдандыру үшін Өзбекстан газын сатып алады. Өзбек басшысының мұндай шешім қабылдауы бірінші кезекте шикізатты өз елдерінде қалдырып, қайда өңдеу ісін арттыру болып отыр. Яғни газды бостан босқа шет елдерге сата бермей, одан дайын өнім әзірлеп, құнын еселеп саудалау. Бұдан өзбектердің көгілдір отынын пайдаланып отырған көрші мемлекеттер зардап шекпейді дейді ала тақиялы ағайындар.