Қытай АҚШ айыптауына ресми жауап берді

Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ барлау қызметінің есебіне ресми жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін Құрама Штаттар құпия құжаттарда коронавирус Уханьдағы зертханадан шығуы мүмкін дегенді айғақтайтын деректер бар деп ақпарат таратқан болатын. Бейжің бұл айыптауды жоққа шығарып, COVID-19-дың шығу төркінін анықтау салмақты және күрделі ғылыми процесс екенін алға тартты. Қытай билігі оны білу үшін тыңшылар арқылы саясиландырмай, бүкіл әлемнің ғалымдары бірлескен зерттеу жүргізуі керек деді.

Ван Вэньбинь, ҚХР СІМ ресми өкілі:

– Саяси манипуляцияны тоқтату керек. Бұл әлем ғалымдарын жұмылдырып, вирустың шығу тегін табуға қолайлы жағдай тудырады. АҚШ Қытайға жала жауып, шабуыл жасағанды, ДДСҰ сарапшыларын қабылдауды, сондай-ақ Форт-Детрикте биологиялық зертхана мен іс-тәжірибе базаларын ашуды доғаруы тиіс.

Сондай-ақ...