Чехияда тауға шығатын аспалы жолдағы апаттан адам қаза тапты

Чехияда тауға шығатын аспалы жолдағы апаттан адам қаза тапты

Чехиядағы Йештед тауына шығаратын аспалы жолда кабина құлап, 1 адам опат болды.

Ал осы жолдың екінші бөлігіндегі кабина жоғарыда тоқтап қалған. Оқиға орынына жеткен құтқарушылар оның ішінен 14 адамды аман-есен алып шықты. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шекпеген. Апаттың себептері анықталып жатыр.