Қытайда 3 жастан асқан балаларға вакцина егіле бастады

Қытайда 3 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы екпе егіле бастады.

Бұған дейін бұл шара тек 12 жастан асқан жеткіншектерге ғана қатысты болған еді. Жоспар бойынша вакцинаның бірінші дозасы қарашаның 20-сына дейін егілуі тиіс. Ал бір айдан кейін препараттың екінші компоненті салынады.

Айта кетейік, мұнда адамдарға бүгінге дейін 2 млрд астам вакцина егілген.

Жергілікті тұрғын:

- Қызыма вакцина салдырғаннан кейін қорқыныш сезімнен айырылдым. Денсаулыққа қауіп төндіргенше қорғанып жүрген дұрыс емес пе?