Грузияда оппозиция сайлау қорытындысын мойындаған жоқ

Грузияда оппозициялық «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партиясы қазанның 30-ы күні өткен муниципалдық сайлау қорытындысын мойындаудан бас тартып жатыр.

Себебі Тбилиси, Батуми, Кутаиси сынды ірі қалаларды бірге есептегенде 19 шаһарда биілк басындағы «Грузин арманы» партиясы жеңіске жеткен. Жалпы сайлаудың екінші кезеңінде 20 қаланың мэрі сайланған еді. Наразылық акциясына қосылған тағы бірнеше оппозициялық партия «Грузин арманы» сайлауды бұрмалап, дауыстарды ұрлады деп отыр. Тбилисидегі парламент алдында өткен шеруге 3 мыңнан аса адам қатысты.

БЛИЦ:

- Олар біздің дауысымызды ұрлап, сайлауды бұрмалады. Біз өзгерісті қалаймыз, мұндай әрекетке жол бермейміз. Сондықтан талабымыз орындалмайынша наразылықты жалғастыра береміз.

- Грузия тәуелсіздік алғалы бері 30 жыл ішінде қазіргідей сайлауды бұрмалаушылық алғаш рет тіркеліп отыр. Азаматтарға қоқан-лоқы көрсетіліп, алаяқтыққа жол берілді. 

Ұлтшылдар қазіргі билікті оқшаулап, бейбіт төңкеріс басталғанын айтып жатыр. Ал билеуші партия тәртіпсіздікке жол берілмейтінін ескертті. Оппозиция болса қарашаның 7-сі күні ауқымды шеру өткізетінін мәлімдеді.