Чилиде ашық аспан астында көрме ашылды

Сантьягода ашық аспан астында көрме ашылды.

Көрмеге әлемге әйгілі суретшілер мен мүсіншілердің туындылары қойылған. Әсіресе жұрттың көзіне түскені жасанды көлдің бетінде қалқыған резеңке сары үйрек. Бұдан басқа қуырылған жұмыртқа, серейген робот, ұлу бейнесіндегі инсталляциялар көздің жауын алады. Көрме тегін. Ал жасанды көлге су Мапочо өзенінен құйылады. 

Диана Фернандес, жергілікті тұрғын:

- Отбасыңмен осында келіп, ашық аспан астында тамаша мүсіндерді көріп, рахаттанып тұрып демаласың! Мына өнер туындыларына қарасаң көзің тоймайды. Шеберлікке шек жоқ!