Испанияда зират басындағы атыстан екі адам қайтыс болды

Испаниядағы зираттардың бірінде атыс болып, салдарынан кем дегенде екі адам көз жұмды. Бұл туралы EFE хабарлады.

El Mundo газетінің хабарлауынша, оқиға Торрент елді мекенінде (Валенсия автономды қауымдастығы) болған. Атыс кезінде зиратта елде атап өтілетін Әулиелер күніне байланысты көптеген адамдар болған.

Газет мәліметінше, көз жұмғандардың бірі – 80 жастағы ер адам, жарақат алғандар да бар.

Ал атыс екі сыған отбасының жанжалынан туындаған.

Сондай-ақ...