Польшада екпе салу орталығы зираттарда орнатылды   

Польшада коронавирусқа қарсы екпе салу орталығы зират ішінде ашылды.

Биліктің мұндай шешім қабылдауы бекер емес. Өйткені қазір католиктер «Барлық әулиелер күнін» атап өтіп жатыр. Әдетте мұндай кезде жұрт жаппай бейіт басына барады. Сол жерде бірден екпе салдыра алады. Былтыр шектеулерге байланысты поляктарда мүмкіндік болмады. Жақында жергілікті денсаулық сақтау министрі «коронавирустың төртінші толқыны алдымызда тұр» деп мәлімдеген еді. Кейінгі тәулікте елде 5 мыңға жуық жаңа дерек расталды.