Илон Маск адамзатты аштықтан құтқаруға дайын  

Илон Маск адамзатты аштықтан құтқару үшін Tesla компаниясының акцияларын сатып жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Бірақ америкалық кәсіпкер бір шарт барын айтты.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы сатылымнан түскен ақша аштықпен күреске көмектесе алатынын дәлелдеуі керек. Бұған дейін осы гуманитарлық ұйымның атқарушы директоры тойып тамақ ішпейтіндердің мәселесін шешу үшін 6 миллиард доллар жетеді деп жария еткен. Сөйтіп әлемнің ең ауқатты деген бірнеше адамын ақша бөлуге шақырған. Форбс рейтінгісіне сәйкес, ең бай адам Илон Маск саналады. Оның дүние-мүлкі 289 миллиард долларға бағаланып отыр. Кәсіпкер аштықпен күреске қажетті 6 миллиард долларға ақшасының небәрі 2 процентін бөлсе жетеді.

Сондай-ақ...