Әлемде коронавирусқа қарсы 7 млрд тұрғынға вакцина жасалды

Әлемде коронавирусқа қарсы 7 млрд тұрғынға вакцина жасалды. Олардың жартысынан астамы үш елге тиесілі — Қытай (2,3 млрд), Үндістан (1,1 млрд) және АҚШ (0,4 млрд).

Бұл ретте әлемде вакцинация қарқыны төмендеуде. Вакциналау бойынша алғашқы миллиардқа 29 күнде қол жеткен болса, жаңа миллиардқа жету үшін 37 күн қажет болды.

Сидней әуежайы 590 күндік алғашқы халықаралық жолаушылар рейсін қабылдады.

Лос-Анджелестен келген ұшақтың барлық жолаушылары коронавирусқа қарсы егілген.

Сондай-ақ Сиднейдің екпе алған тұрғындарына 4,5 айда алғаш рет қаладан шығуға рұқсат етілді. Бірақ штаттан тыс жерлерге баруға тыйым салынады.

Тонга патшалығы ковид жұқтырған алғашқы науқастан кейін бір апталық локдаун жариялады. Инфекция елге ұшып келген ұшақтың 215 жолаушысының бірінде анықталды. Барлық ішкі рейстер тоқтатылды, аймақтардың шекаралары жабылды, қоғамдық шараларға тыйым салынды. Азаматтардың тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті кәсіпорындарды қоспағанда, кәсіпорындар мен мекемелер жабық болады.

 

Сондай-ақ...