Нигерияда 21 қабатты ғимарат құлады – БАҚ

Дүйсенбі күні Нигерияның ең үлкен қаласы Лагоста 21 қабатты ғимарат құлады. Бұл туралы Нигерияның Punch газеті хабарлады.

Ақпарат көздерінің мәліметіне сүйенсек, ғимаратта құрылыс жүріп жатқан.

Нигерияның Premium Times газетінің хабарлауынша, құлаған ғимарат қалдықтары астында 50-ден астам адам болуы мүмкін. Олардың қазір қандай күйде екендігі және қаншалықты зардап шеккені әлі белгісіз.

Ауданға құтқару қызметтерінің бригадалары келіп, үйінділерді талдауды бастады.

Сондай-ақ...