Үндістан атмосфераға көмірқышқыл газын шығаруды толық тоқтатпақ

Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Нарендра Моди климаттық саммитте мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек Моди энергияны жаңғыртылатын қуат көздерінен алуды арттыратынын мәлімдеді. Жалпы атмосфераға зиянды көмірқышқыл газын бөлу көрсеткіші бойынша Үндістан Қытай, АҚШ және Еуроодақтан кейінгі орында.

Нарендра Моди, Үндістан премьер-министрі

– Үндістан 2030-шы жылға қарай өндіретін энергияның жартысына жуығын баламалы қуат көздерінен алуды жоспарлап отыр. Осы уақытқа дейін біз атмосфеараға шығарылатын көмірқышқыл газын 1 миллиард тоннаға дейін азайтпақпыз. Ал 2070-ші жылға қарай оны шығаруды толық тоқтатамыз.

Сондай-ақ...