434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Енді вакциналанған шетелдіктер үшін Израиль шекарасы ашық

  • 103
  • UPD: 11:40, 02.11.2021
Енді вакциналанған шетелдіктер үшін Израиль шекарасы ашық

Израиль 20 айға созылған шектеуден кейін алғаш рет вакциналанған шетелдіктерге шекарасын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа тәртіпке сай елге соңғы 6 ай ішінде екпе ектірген азаматтар кіре алады. Саяхатшылар өз елінде соңғы 3 күнде тапсырған ПТР-тест нәтижесін көрсетіп, Израиль әуежайына келген соң қайта тексерістен өтуі тиіс. Бірақ соңғы 2 аптада «қызыл аймақта» болған туристердің кіруіне шектеу бар. Израиль коронавирусқа байланысты шекарасын былтыр наурыз айында жапқан. Содан бері елге тек өз азаматтары мен арнайы рұқсаты бар шетелдіктердің кіруіне рұқсат етілген болатын

Хабар 24 телеарнасы