Канадада екпеден бас тартқан медицина қызметкері жұмыстан шеттетілді

Канаданың батысында орналасқан Британдық Колумбия провинциясында екпеден бас тартқан 3 мың 300-ден астам медицина қызметкері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлердің жалақысы сақталмаған. Салдарынан өңірдегі ауруханаларда маман тапшылығы сезіледі. Жоспарлаған операциялардың көбі кейінге шегерілген.

Айта кетейік, жергілікті биліктің талабы бойынша қазанның соңына дейін ақ халаттылардың барлығы егілуі тиіс еді. Жалпы бүгінде аймақтағы 127 мың 500 медицина қызметкерінің 96 проценті вакцинаның екі компонентін де қабылдады. Тағы 2 мыңға жуық маман екпенің бірінші дозасын салдырды. Қалған 3325 адам иммунизациядан бас тартқан.

Сондай-ақ...