Кабулда госпиталь маңындағы жарылыстардан 15 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабулда әскери госпиталь маңында 2 жарылыс болды. Салдарынан 15 адам көз жұмып, 30-дан астамы жараланған.

Мекеме алдында жанкешті өзін өзі жарып жіберген. Артынша бірнеше содыр ғимарат ішіне басып кірген.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» ұйымдастырса керек. Куәгерлер оқиға орнында атыс дауыстары естіліп жатқанын айтады.