433,56 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ковид жұқтырған румыниялықтар Германияға жіберілуде

  • 81
  • UPD: 10:01, 03.11.2021
Ковид жұқтырған румыниялықтар Германияға жіберілуде

Румынияда коронавирустың ауыр түріне шалдыққан тұрғындар Германияға жеткізіліп жатыр.

Бұл іске Германияның әскери-әуе күштері медициналық эвакуация қызметінің ұшақтары тартылған. Бір ұшаққа тек 6 науқас қана жатқызылады. Әуе кемесінде жансақтау бөлімі жасақталған. Ұшақта 20 медицина қызметкері бар. Румынияда ковид жұқтырудың Еуропадағы ең жоғары деңгейі тіркелген.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, қазір бұл елдегі ауруханаларда бос орын жоқ.

Хабар 24 телеарнасы