430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Финляндия ғалымдары кофені құтыда өсіреді

  • 79
  • UPD: 11:41, 03.11.2021
Финляндия ғалымдары кофені құтыда өсіреді m-eng.ru

Мұндай кофенің дәмі мен иісінде еш айырмашылық жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымдар өсімдіктен кофенің жасушаларын бөліп алып, био-ректорға салған. Табиғи түсі ақ болса да, қуыру кезінде қараға айналады. Жоба авторлары осылайша экология мәселесін шешуге болады деп есептейді. Өйткені ағаш отаудың еш қажеті жоқ. Жаңа өнімнің қауіпсіздігі дүкендерге жіберілмес бұрын қатаң тексеріледі. Кофенің бұл түрі 4 жылдан кейін жалпы сатылымға шығарылмақ.

Хейкки Айсала, техникалық зерттеулер орталығының ғалымы

– Кофеде ерекше дәм бар. Қуыру деңгейіне байланысты дәмі өзгереді. Тіпті бал татитын түрін де жасауға болады.

Хабар 24 телеарнасы