Ұлыбританияда өлім жазасына кесілгендерге арналған ежелгі құпия бөлме табылды

Тарихи жәдігер байырғы амфитеатрдың орнын қазу кезінде пайда болған.

Біздің заманымызға дейінгі бірінші ғасырда Ричборо елдімекенінде Рим легионерлерінің әскери лагері болыпты. Бұл жерде адамдар мен жыртқыш жануарлар айқас алаңына шыққанға дейін қамауда отырған. Қабырғасы бордан құйылған блоктармен жабылған және ені 6, биіктігі 2 метрге жетеді. Жан-жағына жағылған ашық қызыл және көк түсті сылақтар әлі күнге дейін сақталған. Сондай-ақ бұл жерден Максипус есімді үй мысығының қаңқасы да табылды. Ғалымдар аталған амфитеатрға 5 мың көрермен сыйған дейді.

Сондай-ақ...