Швейцарияда құны 525 мың доллар тұратын әшекейлер сатылады

Романовтар әулетінің әшекейлері Sotheby’s аукционына шығарылады.

Келесі аптада Швейцарияның Женева қаласындағы Sotheby’s аукцион үйінде ерекше шара өтпек. Сатылымға 1917 жылғы революция кезінде Ресейден контрабанда арқылы шығарылған қымбат әшекей бұйымдар шығарылады. Кезекті аукционда Романовтар әулетіндегі Мария Павловнаға тиесілі болған түрлі-түсті жақұт және гауһар тастармен әшекейленген екі сырға мен танамоншақ ұсынылмақ. Sotheby’s аукцион үйі бұл бағалы әшекейлерді 525 мың долларына дейін бағалап отыр. Бұл шамамен 225 млн теңге.