Тәліптер Ауғанстанда шетел валютасын қолдануға тыйым салды

Ауғанстанда тәліптер азаматтарға шетел валютасын қолдануға тыйым салды.

Шешім елдегі ауыр экономикалық жағдайға байланысты қабылданған. «Талибан» билігі шараны ұлттық мүддені қорғау деп түсіндіріп отыр. Осы себепті азаматтарға кез келген қаржылай операция жасағанда ұлттық ақша «афганиді» қолдану бұйырылған. Айта кетейік, Ауғанстанда «Талибан» билікті басып алғалы батыс қаржы ұйымдары АҚШ-тың ұсынысымен Ауғанстанның активтерін бұғаттап тастаған. Ал Еуроодақ пен бірқатар халықаралық ұйым бұл елдегі жобаларды қаржыландыруды тоқтатты.

Сондай-ақ...