Грекияда екпе салдырмағандар банк пен сауда орталықтарына кірмейді

Грекия билігі коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған тұрғындар үшін шектеу шараларын күшейтеді. Енді вакцина қабылдамаған мемлекеттік және жекеменшік сектор қызметкерлері аптасына екі рет ПТР-тест тапсырып отыруға міндеттеледі.

Кері жағдайда жұмыстан шеттетіледі. Тест шығындарын қызметкер өз қалтасынан төлейді. Одан бөлек екпе салдырмаған тұрғындар енді сауда орталықтары, банк, ойын-сауық мекемелері мен сән салондарына кіре алмайды. Тиісті талапқа бағынбаған мекемеге 5 мың еуро айыппұл салынып, 10 күнге қызметі тоқтатылады. Биліктің мұндай шаралар қабылдауы бекер емес. Өйткені қазір Эллада елінде эпидахуал өршіп тұр. Жан сақтау бөліміне түсіп жатқандардың 80 проценттен астамы – вакцина қабылдамаған азаматтар.

Сондай-ақ...