Қытайда коронавирус қайта өршіп барады

Қытайда коронавирус қайта өршіді. Кейінгі тәулікте мұнда 100-ге жуық жаңа дерек расталды.

Көрші елде эпидахуал қазанның ортасынан бері нашарлап барады. Оқиғалардың дені солтүстік өңірлерде тіркелген. Алайда қатаң шектеу шараларына қарамастан, індеттің таралу географиясы кеңейіп барады. Ел астанасы Бейжіңде кейінгі тәулікте вирус жұқтырудың 8 жаңа дерегі расталды. Бұл соңғы 9 жарым айдағы ең үлкен көрсеткіш. Осы ретте қала тұрғындарына басқа өңірлерге сапар шекпеуге, үйлену тойлары секілді ірі шараларды өткізбеуге кеңес берілді. Халықтың ары-бері қатынауын шектеу үшін Бейжің әуежайларындағы ішкі рейстердің жартысынан астамы ұшпайтын болды.

Чжун Наньшань, Респираторлық аурулардың ұлттық зерттеу орталығының директоры:

– Әлемде коронавирусқа байланысты кісі өлімінің көрсеткіші 2 процент шамасында. Бізге оны 0,5 процентке дейін жеткізу керек. Яғни, бұл сан тұмаудың өлім көрсеткішіне дейін төмендеуі тиіс. Ал ол вакциналау деңгейін арттыру арқасында мүмкін болады.

Вакциналау демекші, шамамен 1 миллиард 400 миллион халқы бар Қытайда екпенің қажетті екі дозасын алғандар саны бір миллиардтан асады. Тақауда мұнда жасы 3-тен асқа бүлдіршіндерге де препарат қабылдауға рұқсат етілді.