Айдаһар тәріздес кесіртке азайып барады

Индонезияның Сурабая қаласындағы зообақта мамандар жер бетінен жоғалып бара жатқан Комодо айдаһар тәрізді кесірткенің санын көбейтуге ниетті.

Мәселен, жаһандық климаттың өзгеруінен кесірткенің бұл түріне үлкен қауіп төнуде. Сарапшыларың болжамы бойынша ауа  температурасы мен теңіз суының деңгейі көтерілуінен алдағы 45 жылда Комодо айдаһарлары 30 процентке қысқаруы мүмкін. Ал қыркүйек айында халықаралық табиғатты қорғау одағы оларды Қызыл кітапқа енгізді. Осылайша хайуанаттар бағының өкілдері климатты қорғау бойынша Глазго қаласында жиналған әлемдік көшбасшылардың назарын осы жануарларға аудармақ ниетте.

Сондай-ақ...