Қытайда ірі тақтатас мұнай кен орны табылды

Қытайда тағы бір ірі тақтатас мұнай кені табылды.

Шикізаттың мол қоры Шаньдун провинциясындағы «Синопек» компаниясына тиесілі Шэнли кен орынынан шыққан. Оның көлемі 4 миллиард тоннадай болады деп болжанып отыр. Бірлестік шикізатты игеруді жуық арада бастап 2025-ші жылға таман оны өндіру көлемін миллион тоннаға жеткізбек ойда.

Айта кетейік, «Синопек» бұған дейін елдің солтүстік-шығысындағы Дацин кен орынынан тағы бір ірі тақтатас мұнай қорын ашқан болатын.

Жалпы, Бейжің тақтатас мұнайын жанжақты барлау мен өндіруді 2019 жылдан бастап қолға алған. Сарапшылардың пікірінше бұл Қытайдың қара алтын импортына тәуелділігін азайтуға көмектеседі. Қазір Қытай өзі тұтынып жатқан мұнайдың 70 процентін шетелден тасымалдайды.