Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы дәріге рұқсат берілді

Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы дәріге рұқсат берілді

Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы дәрі қолдануға рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Препарат «Молнупиравир» деп аталады. Дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы өнімдерді бақылау агенттігінің мәлімдеуінше, дәрі науқастарға қауіп төндірмейді. Дәрігерлер оны ауру асқынбай тұрып тұтынуға кеңес береді. Өйткені дәрі ағзадағы коронавирустың таралуын тежейтін көрінеді. Өнімді шығарған компания өкілдерінің айтуынша, препарат науқастың ауруханаға түсу ықтималдығын 50 процентке азайтады.

Айта кетейік, «Молнупиравир» о баста тұмауды емдеу үшін жасалған. Алайда коронавируспен де тиімді күресетіні анықталған.