Ресейде өлім-жітім рекордтық деңгейге жетті

Ресейде де ковидтен бір күнде көз жұмғандар қатары артты.

Соңғы бір күннің өзінде 1200-дей тұрғын қайтыс болған. Бұл мәліметті инфекциямен күрес жөніндегі жедел штаб келтірді. Өлім-жітім деңгейі Мәскеу мен Санкт-Петербургте өршіп тұр. Жалпы індет басталғалы Ресейде коронавирустан 250 мыңға жуық адам қайтыс болған.