Литва шекарасы қамалмен қоршалмақ

Литвада Беларусьпен арадағы шекарада қоршау тұрғызыла бастады.

Бұған көршіліс республикадан ағылған мигранттар нөпірі себеп. Болат дуалдың биіктігі 4 метрге жуықтайды. Ұзындығы 500 шақырымға жететін қамалдың құрылысы келесі жылдың қыркүйегіне қарай аяқталуы тиіс. Жобаға 150 миллионнан астам еуро бөлінген. Сондай-ақ тікенек сымдар мен бейнебақылау да орнатылады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Беларусьтан Литваға 4 мыңнан астам босқын келген. Бұған дейін Латвия мен Польша тікенек сым жүргізген болатын.