Қытайда өртті сөндіруге арналған электромагниттік зеңбірек көрсетілді

Орман өртін сөндіруге арналған электромагниттік зеңбіректің пайдасы зор, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірегей құрылғы жалынды сөндіруге қиын жерде қолдануға арналған. Ал аппараттың жұмысы дәстүрлі зеңбіреккке ұқсайды. Бірақ құрылғыға салынған оқ зеңбіректен электрмагниттік күшпен атылады. Мамандар құрылғы қатты дыбыс шығарып, жалын шашпайды және өртті сөндіруде дәстүрлі әдістен әлдеқайда арзан дейді.