ABBA тобы 40 жылдан бері алғаш рет альбом шығарды

Швецияның ABBA музыкалық тобы 40 жылдан бері алғаш рет Voyage атты жаңа альбомын тыңдарманға ұсынды.

Бұл альбоммен YouTube, Spotify, iTunes секілді платформаларда танысуға болады.

Швецияның АВВА тобы 1970 жылдан бері көпшілікке танымал. Дегенмен 1982 жылы музыкалық топ тарап кеткен болатын. Олардың бұған дейінгі Visitors атты альбомы 1981 жылы шыққан.

Топ Dancing Queen, The Winner Takes It All, Happy New Year, Mamma Mia және Money, Money, Money секілді әндерімен тыңдармандарын баурап алған болатын.