Түркияда Ауғанстаннан заңсыз кірген 149 мигрант ұсталды

Түркия қауіпсіздік күштері Битлис қаласында Ауғанстаннан заңсыз енген 149 мигрантты ұстады.

Олар түрік жеріне Иран арқылы кірген. Осы іске қатысты жергілікті бір азамат қамауға алынды. Ол келімсектерді жүк көлігімен жасырып алып өтті деген күдік бар.

Түркия Ауғанстанға тәліптер билік жүргізе бастағалы қауіпсіздік шараларын күшейткен. Иранмен арадағы 295 шақырым шекараны айналдыра қоршап тастаған.

Жалпы қазір Түркиядан 4 миллионнан аса мигрант пана тапқан. Олардың басым бөлігі Сириядан қашып келгендер.

Сондай-ақ...