Лос-Анджелесте сауда орталығы отқа оранды

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы сауда орталығының бірі өртенді.

От лезде айналаға таралып, біраз жерді шарпып үлгерген. Тіпті ғимараттың төбесі опырылып құлаған.

Әзірге жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Құтқарушылар шұғыл жетіп, өртті сөндірген. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.