Коста-Рика алғаш болып балалар үшін міндетті вакциналау енгізді

Коста-Рика әлемде алғашқы болып 12 жасқа дейінгі балалар үшін міндетті вакциналау енгізді.

Енді 5-11 жас аралығындағы тұрғындар келесі жылдың наурызынан бастап екпе салдыратын болады. Орталық Америкадағы бұл мемлекет билігі Файзер компаниясымен келісімшартқа қол қойған. Сөйтіп келесі жылы мұнда препараттың 3 жарым миллион дозасы жеткізіледі. Оның бір бөлігі балаларға екпе салуға, қалғаны осал топқа кіретін ересек тұрғындарды қайта вакциналауға арналған.

Жалпы, халық саны 5 миллионға жуықтайтын Коста-Рикада осы күнге дейін жасы 12-ден асқан тұрғындардың жартысынан астамы екпенің қажетті екі компонентін де алған екен.

 

Сондай-ақ...