Pfizer коронавирусқа қарсы жаңа дәрінің тиімділігі жоғары екенін жария етті

Америкалық Файзер компаниясының өкілдері коронавирусқа қарсы жаңа дәрінің тиімділігі жоғары екенін жария етті.

Клиникалық сынақтың екінші кезеңінің нәтижесі бойынша Паксловид атты препарат дерттің ауыр формада өтуін немесе өлім қаупін 89 процентке төмендетеді. Ол капсула түрінде шығарылады. Өндірушілер болашақта дәріні үйде қолдануға болатынын айтады. Файзер өкілдері АҚШ-тың құзырлы органдарынан препаратты шұғыл жағдайда қабылдауға да рұқсат алмақ.

Жалпы Паксловидті сатып алуға Австралия, Ұлыбритания мен Оңтүстік Корея секілді ондаған мемлекет ниеттті.

Альберт Бурла, Pfizer компаниясының бас директоры:

– Біз коронавирусқа қарсы дәріні сату мәселесі бойынша 90 мемлекеттің билігімен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Арасында АҚШ та бар. Кейбір елдер келісімшартқа қол қойып қойған.

Сондай-ақ...