Грузияда полиция қызметкері өз әріптесін 12 мәрте оқ атып өлтірді

Атыс көрші әрі әріптес болған полиция қызметкерлерінің арасындағы жанжалдың салдарынан болған.

Грузияның батысында полиция қызметкері полиция бөлімшесінің ғимаратында әріптесіне 12 мәрте оқ атқан. Бұл туралы 5 қараша, жұма күні Rustavi 2 басылымы жариялады.

Оқиға Хоба муниципалитетінің Чаладиди ауылында болған. Ауыр жарақаттан зардап шеккен адам оқиға орнында жан тапсырды.

Күдіктінің үстінен «қасақана адам өлтіру» фактісі бойынша іс қозғалып отыр