Әуе апаты кезінде танымал әнші көз жұмды

Бразилияның танымал әншісі Марилия Мендонса әуе апатынан көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

26 жастағы әртіс мінген шағын ұшақ елдің шығысындағы Минас-Жерайс штатында құлаған. Ол өңірге өзінің жеке концетіне ұшып бара жатқан екен. Әуе кемесінде әншіден бөлек ағасы, продюсері мен екі ұшқыш  болған. Ешкім тірі қалған жоқ. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.

Айта кеткен жөн, 2 жыл бұрын Марилия Мендонса беделді «Латин Грэмми» музыкалық жүлдесінің лауреаты атанған еді.

Сондай-ақ...