АҚШ-та инфляция деңгейі шарықтады

АҚШ-та инфляция кейінгі 30 жылда болмаған жағдайға жетті. Электр ақысы 25 процентке өскен.

Былтырғымен салыстырғанда газ бен шикізат құны да екі есе артты. Бұл бірқатар салаға әсер етті. Әсіресе ауыл шаруашылығы және автокөлік өндірісі секторлары үшін қиындық туды. Азық-түлік пен киім-кешек, баспана, көліктер де айтарлықтай қымбаттаған. Сарапшылар бұл жағдайда пандемия себеп дейді. Бірақ АҚШ-тың федералдық жүйесі инфляция деңгейі бақылауда деп отыр.