Сьерра-Леонеде жанармай көлігінің жарылысынан 100-ге жуық адам мерт болды

Жанармай таситын көлік атылып 100-ге тарта адам мерт болды. Оқиға Сьерра-Леоне астанасы Фритаун шаһарында болған.

Жанармай таситын көлік қаланың қақ ортасындағы көше қиылысында жүк көлігімен қақтығысқан. Сол кезде цистерандан бензин ағып, артынша жарылыс болады. Жарылыстың күштілігі сонша бірнеше ғимаратты жермен жексен еткенге ұқсайды.