Ирак премьер-министрі бір ажалдан аман қалды

Әлдекімдер Мустафа Аль-Казымидің резиденциясына мина қойылған дрон ұшырған. Әйтеуір үкімет басшысы аман.

Алайда қорғаушылардың арасында жарақат алғандар бар. Оның үстіне резиденциясының қираған жерлері бар. Негізі бұл ғимарат тұрған Бағдадтың «жасыл аймағында» түрлі елдердің дипломатиялық миссиялары орналасқан. Қазір қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Дронды кім ұшырғаны әзірге белгісіз.  

Мустафа Аль-Казыми, Ирак премьер-министрі:

- Маған ештеңе де болған жоқ. Жағдайым жақсы. Қауіпсіздік күштері қажетті шаралар қабылдап үлгірді. Олар әрі қарай да тұрғындарымыздың ештеңеге алаңдамауын қамтамасыз етіп, заңның бұзылмауын қадағалайды. Барлығын сабырлық сақтауға шақырамын.