Қытайдың солтүстігін қар басып қалды

Қытайдың солтүстігі мен ел астанасы Бейжіңді қар басып, күн күрт суытты.

Күннің қолайсыздығына байланысты мұнда қауіптіліктің қызғылт-сары деңгейі жарияланды. Кей өңірде жауған қардың қалыңдығы 30 сантиметрге дейін жеткен. Жолдар жабылып, әуе рейстері кейінге шегерілді. Билік тұрғындарға әзірге үйде отыруды ескертті.

Ал синоптиктер хабарлауынша, аймақта енді боран соғады.